Кездесу барысында энергетика, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Екі тарап, сондай-ақ, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында, таза технологияларды дамыту мен жаңғырмалы энергетика салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды құру мен іске асыруға мүдделі екендерін білдірді.
Фернандо Уанакуни Маманидің айтуынша, Боливия тек қана газ секторында емес, сонымен қатар сирек кездесетін металдар мен атом өнеркәсібі салаларында да серіктестікті дамытуға әзір.
Бақытжан Сағынтаев екіжақты ынтымақтастықтың нығая түсуіне қызығушылық білдіріп, Фернандо Уанакуни Маманиге Қазақстанның халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Көкшетаудағы дүңгіршекте тышқандар самса жеп жүр
Аймақтар • Кеше
Қажымұқан туралы фильмнің көрсетілімі басталады
Өнер • Кеше
Жамбыл облысында сотталған әйел заңды некеге тұрды
Қоғам • Кеше